Bugin

Жоғалған кішкентай қыз 55 жастағы ер адамның жанынан табылған

Ал ер адамның онда не істегені белгісіз. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаражал қаласында 26 сәуірде кішкентай қыз жоғалып кетті. Ол қараусыз қалған ескі үйден табылды. Жанында 55 жастағы ер адам болған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қарағанды облысының Қаражал қаласында төтенше жағдай болды. 26 сәуірде кешке аулада жүрген кішкентай қыз із-түссіз жоғалып кеткен. Оның жоғалғаны туралы полицияға анасы хабарлаған.

"26 сәуірде сағат 22.26-да Қаражал қалалық полициясының кезекші бөліміне 30 жастағы тұрғын қызының жоғалып кеткені туралы арыз түсірді. Полиция қызметкерлері, әкімдік, ТЖБ өкілдері және еріктілер қалада іздестіру шараларын өткізді. Іздеу барысында қараусыз қалған үйден 55 жастағы қала тұрғыны мен оның жанынан кішкентай қыз табылды", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Ал ер адамның онда не істегені белгісіз. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған.

"Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.