Bugin
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратты қалалық полиция растады.
Құрылыстағы өлім туралы "За комфортный город" Instagram-паблик авторлары айтты. Алматы полиция департаменті жігіттің өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы "еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, осыған дейін бұл құрылыста әуеде "ұшып" жүрген трактор пайда болған еді. Ол трактордың суреті де желіде наразылық тудырған.