Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы аса ауыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әншi, композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев коронавирус жұқтырған ата-анасының жағдайын айтты.

Біржан Ескендірұлының айтуынша, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайына дәрігерлер "аса ауыр" деген баға беріпті.

"Әкемнің жағдайына қатысты дәрігерлер кейінгі төрт күндегі көрсеткіштерге сүйеніп, "аса ауыр" деген баға беріп отыр. Осыдан екі жарым жыл бұрын әкем жүрегіне күрделі ота жасатқан, соның да әсері бар ма деп ойлаймыз. Өкінішке қарай, қазір ИВЛ (жасанды тыныс алдыру аппараты) аппаратына қосылған. Алайда дәрігерлердің айтуынша, алдағы 5-6 күн ішінде жағдайы жақсарып қалуы мүмкін. Бүкіл халық болып әкемнің тілеуін тілеп, жылы тілектерін жаудырып жатыр, содан болар өзімізде де сенім пайда болды", - деді Біржан Хасанғалиев.

Әншінің айтуынша, анасы Дарико Хасанғалиеваның жағдайы жақсарған.

"Анамның жағдайы жақсарып келеді, емін алып жатыр. Жақын күндері жансақтау бөлімінен шығады. Дәл қазіргі арманымыз - ата-анамыздың аман-есен ортамызға оралуы. Қасиетті Рамазан айында балаларымызға дейін тілеген дұға, тілегіміз қымбат жандарымыздың бұл дерттен құтылуы болып тұр. Сахнада 60 жыл жүрген Ескендір Хасанғалиев өмірін қазақ халқына арнап келеді, халық та тілеуін тілеп, қазір алаңдаулы", - деді ол.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61