Bugin

"Халыққа ақшасын қайтара алмаймын"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал әнші Роза Әлқожа халықтың ақшасын тауып бере алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол “Кел, татуласайық!” бағдарламасында айтты. 


"Өсім деген харам ғой. Мен қолыммен таратып бердім бе өсімді? Инвестицияны мен қолыммен бердім бе, берген жоқпын ешкімге. Аллаға сенбейсіздер ме, маған неге сенесіздер? Жарайды, маған сенген екен, кешірім сұрап отырмын. Енді мен қайдан тауып беремін? Менде жұмыс жоқ. Карантин әншілерді білесіз. Сонда не сұрап отыр?",деді әнші. Естеріңізде болса, былтыр пандемияға дейін бірқатар танымал әнші лотерея ұйымдастырып, түрлі ойын ойната бастаған. Әншілер жарнама жасап, қаржы пирамидаларына ұқсас, күмәнді дүниелерге халықты легімен тарта бастаған. Олардың қатарында әнші Роза Әлқожа да бар.