Алматыда 20 маңызды нысанның жанына дәретхана орнату жоспарланып жатыр. Қаланың туризм басқармасы мемлекеттік сатып алу сайтында өтінім жариялады. Дәретханаларды 178,5 миллион теңгеге бағалап отыр.
Техникалық құжаттамаға сәйкес 20 дәретхана келесі мекенжайлар бойынша орнатылады:
- "Көктөбе" саябағы (төменгі тұрақ аймағы);
- Төлебаев көшесі, Абай даңғылынан төмен (шығыс жағы);
- Орынбор көшесіндегі Шухов атындағы алаң (солтүстік жағы);
- Орталық стадион (Абай даңғылының оңтүстік жағы);
- Дулати даңғылы (Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағына қарама-қарсы аллея);
- Көктем-2 шағынауданы (Тимирязев көшесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарама-қарсы);
- Гагарин даңғылындағы аллея (Жандосов көшесі мен Сәтпаев көшесінің арасында);
- Байсейітова көшесі (Республика алаңының солтүстік жағы);
- Абай даңғылы мен Байсейітова көшесінің қиылысы (оңтүстік жағы);
- Панфилов көшесі (Жібек Жолы даңғылының солтүстік-шығыс жағы);
- "Астана" алаңы (ҚБТУ университетінің шығыс жағы);
- Жібек Жолы көшесі (Желтоқсан көшесінің солтүстік-шығыс жағы);
- Байтұрсынов сквері (Жамбыл көшесінің солтүстік-шығыс жағы);
- Абай атындағы МАОБТ (шығыс жағы);
- Амангелді көшесі (Абай даңғылының шығыс жағы);
- Желтоқсан көшесіндегі Иманов гүлзары (Мәметова көшесінің оңтүстік жағы);
- "Сары-Арқа" алаңы (Алтынсарин даңғылының батыс жағы);
- № 8 шағын аудан (№116 мектеп стадионының шығыс жағы);
- "Сайран" автовокзалы (солтүстік-шығыс жағы, Төле би даңғылына жақын);
- Шалов көшесі мен Пятницкий көшесінің қиылысы (Солтүстік-батыс жағы).
Құжаттамаға сәйкес дәретханаларда жылытуға арналған электроконвектор, суды жылытуға арналған қазандық, сондай-ақ раковиналар мен қол кептіргіштер, сабын құйғыш және т.б. орнатылуы керек.
Әрбір дәретхана есігінің үстінде ақпараттық пиктограмма орнатылуы керек. Дәретхана бос емес болса – қызыл, бос болса жасыл түсті болып жануы керек.