Bugin
Халықтың табысы артады
Шілдеден бастап «Еңбек» бағдарламасы ұлттық жобаға айналады. Бағдарлама барысында халықтың табысы артып, жалақысы артады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Жаңадан жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық 4,7 пайызға дейін төмендейді деген болжам бар. Қазір жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайыз.
Асқар Мамин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны 1 маусымға дейін Үкіметке енгізуді тапсырды.
"Биыл жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен барлығы 1,2 миллион адам қамтылады. Нақты жалақының мөлшері 10 пайызға, яғни 221 мың теңгеге дейін артады деп жоспарланып отыр. Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан аспайды. «Бастау бизнес» жобасы тиімділігін көрсетті. Биылғы жылы 30 мың адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып отыр. «Еңбек» ұлттық жобасы экономика салаларын сапалы бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуі тиіс", - Асқар Мамин.