Bugin
Украинаның Киев қаласында жасөспірім асқан қатыгездікпен отбасын пышақтап тастаған
16 жастағы жасөспірім ата-анасымен тағы бір ұрыс кезінде әкесін, анасын, содан кейін 8 жасар інісін пышақтап өлтірген. Болған жайтты ешкімге айтпастан, ол бірнеше күн бойы қайтыс болғандармен пәтерде тұрған. Ал таныстары ата-анасын іздей бастағанда ол қашып кеткен.
Қазір жасөспірім ұсталды, пышағы да табылды. Енді жасөспірім өмір бойына темір торға кетуі мүмкін.