Bugin
Вакцинация басталғалы елдің мазасы қашты. Кейбірі вакцинасыз жұмысқа орналаса алмай жүрсе, кейбірі вакцинадан кейін не боларын білмей дал. Ал енді Алматы қаласында "вакцина салдырған" деген төлқұжат сатылып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы "Еуразия" бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.
Телеарна журналистері клиент атын жамылып “кәсіпкерге” хабарласты.
– WhatsApp-қа жеке куәлік пен үй мекен жайыңызды жіберіңіз.
– Ол қанша тұрады?
– Екі кезеңде – 15 мың теңге.
– Тексеру кезінде eGov-та деректер шынымен шыға ма?
– Шығады, сізге өткен адамдардың үлгісін жібере аламын. Бірінші кезең бүгін, екіншісі – 18 мамыр. Осыдан кейін eGov-та вакцинациядан өту туралы паспорт пайда болады.
Сондай-ақ, делдал клиникаға байланысты құны 5-тен 25 мың теңгеге дейін өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Заңсыз қызмет туралы телеарнаға белгісіз көрермен хабарлаған.
Сұранысқа ұсыныс. Осыдан-ақ вакцинаға деген сенімнің жоғын көруге болады.