Bugin event

Әлеуметтік осал топтарды қорғау үшін 6 420 000 теңге беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

         Биыл Анна Александрова атындағы арнайы грант байқауы азаматтық қоғамның COVID-19 эпидемиясының таралуына қарсы күрес жолындағы күшін қолдауға және аталмыш індеттің елімізде әлеуметтік осал топтарға қатысты жағымсыз салдарын төмендетуге арналады.

         Анна Александрова атындағы грант оның бастамаларын жалғастыруға, адам құқығы мен толеранттылықты нығайту саласында зерттеу, ақпараттық және адвокациялық іс-шаралардың ықпал етуіне бағытталған. Өзінің бар ғұмырын  Анна Александрова әлеуметтік осал топтардың мүдделерін қорғауға арнады.

Мақсаты:

     Анна Александрова атындағы грантқа арналған байқау (бұдан әрі – «Грант») Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылар Кеңесімен бекітілген арнайы жыл сайын өткізілетін шара болып табылады. Аталмыш грант бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалар,  инъекциялық есірткіні тұтынушылар, секс қызметкерлері, тұрғылықты орны жоқ тұлғалар, сексуалды азшылық топтар, кәмелетке толмаған заң бұзушылар, мигранттар және т.б. тәрізді әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Міндеттері:

Әлеуметтік осал топтардың әлеуетті шешуге болатын және нақты мәселелерін анықтау.
Анықталған мәселелерді шешуде жоспар құру.
Әлеуметтік осал топтың мәселелерін шешуде қоғамды тарту.
Әлеуметтік осал топтың мәселелерін шешуде қоғамның қатысуын ұлғайту.

Байқауға келесі бағыттағы жобалар қабылданады:

    Әлеуметтік осал топтарға гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған жобалар
    Адвокациялық жобалар
    Ақпараттық жобалар

Гранттың сомасы мен мерзімі: 

Қорға өтінімді тапсырудың соңғы мерзімі  – 2021 жылғы 10 мамыр. Бір жобаны жүзеге асыру үшін жұмсалатын сома –6 420 000 теңге.

Басқа да толық ақпараттар @sfkazakhstan инстаграм парақшасында.

Байқау туралы сұрақтарыңызбен Сорос-Қазақстан Қорының «Адам құқықтары» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаеваға хабарласа аласыздар: https://www.soros.kz/kk/