Bugin
Осыған дейін, сайлау кезінде Байден президенттіктің алғашқы 100 күнінде федералды мердігерлердің ең төменгі жалақысын көтеруге уәде берген еді.
АҚШ президенті Джо Байден сейсенбіде Америка бойынша ең төменгі жалақыны көтеру керек деген жарлыққа қол қойды. Енді америкалықтар сағатына 10.95 доллар емес, 15 доллар дейін алады. Бұл дегеніміз, олар сағатына, шамамен, 6435 теңге табады. 8 сағаттық жұмыс күні үшін 51 480 теңге шығады.
Шешім қызметкерлердің әртүрлі санаттарына, тазалаушылар мен қызмет көрсететін қызметкерлерден бастап, мердігерлер мен тамақтану саласындағы жұмысшыларға қатысты. Бірақ Барак Обаманың кезінде жалақасы көтерілгендерге қатысы жоқ.
Осыған дейін, сайлау кезінде Байден президенттіктің алғашқы 100 күнінде федералды мердігерлердің ең төменгі жалақысын көтеруге уәде берген еді.