Bugin
Нұрсұлтан Назарбаев адамдардың қазақ тілін үйренуге деген ықыласын қолдауға және көтермелеуге шақырды.
"Мемлекеттік тілдің рөлі және оның дамуы туралы. Мені бұл ойға акцент қойып жатыр деп ойламаңыз. Тарихи солай қалыптасқан. Бүгінде қазақ этносы 70 пайыздан асады. Бұл процесс бүкіл әлемде табиғи. Сондықтан қазақ тілін түсіну мен үйрену ниетін біз барлық жерде және барлық кезде қолдап, көтермелеуге тиіспіз", – деді Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында.
Бұл істе Қазақстан халық Ассамблеясының "үлкен рөл атқара алатынын" атап өтті.
"Менің оған көзім жетеді. ҚХА-дан қанша жас өмірге жолдама алды, қараңыз. Бүгінде бұл адамдар жауапты лауазымдарда және екі тілде жұмыс істейді. Олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіріп, қазақтардың осы жігіттерді жан-тәнімен қалай жақсы көретінін көресіз", – деп қосты Елбасы.