Bugin

Логотип жасауға арналған тегін сайттар тізімі

Шығынсыз-ақ логотипті өз бетінше үйреніп ақша табуға болады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Launchaco - өзіңізге ұнаған логотипті енгізсеңіз жеткілікті. Сайт сізге бірнеше нұсқаны алдыңызға шығарады. Түс палитрасы мен иконкаларды жасауға көмектеседі.

Canva мобильді қосымшасы бар. Дайын шаблондар мен иконкалар арқылы логотипті тез жасауға болады.

Logopony платформасында бірнеше минутта логотип жасауға болады. 

Hipster Logo Generator, Turbologo, Logoster, Hatchful, Ucraft, Logo Garden, Logotype Maker, Looka, Taylor Brands, Wix.com/logo/Maker, figma.com және т.б. Бұл 5 минут ішінде логотип жасауға мүмкіндік беретін тегін сервистер. Сайтқа кіру үшін алдымен электронды пошта арқылы тіркелу қажет. Кейін сервистегі бөлімдерді таңдап жұмыс істеуге болады. Мысалы: сән, үй, тамақ, спорт, өнер және т.б. Логотиптің бағытын анықтау үшін визуал стильдің бірін таңдау керек. Әрі қарай логотиптегі жазу мен слоган сөзі шығады. Нәтижесінде бірнеше нұсқалардың бірін таңдап, түсін, шрифтін өзгертіп, фонды өңдеп алуға болады. Жаңа идеялар да алдыңыздан шығады.