Bugin
Жалпы анықтамасы қарапайым әрі түсінікті: блог – онлайн күнделік. Блогер – күнделік жүргізуші. Әдеттегі күнделіктен айырмасы – жариялылығы. Бірақ, қазіргі блог, блогер деген түсінік бұл анықтама шеңберіне сыймайды. Түпкілікті әрі нақты анықтама беру қиын. Өйткені, ең басты мәселесе біздегі блог, блогердің дегеннің түсініксіздігі.
Әуелде әртүрлі мамандық иелері, негізінен жастар, wordpress платформасында блог ашып, жүргізе бастады. Уақыт өте келе бұл онлайн ортаға, жастардың алаңына айналды. Бұл – жастардың араласуына, бір-бірін тануына, өз ойларын, қызығушылықтарын ортаға салып, талқылауына қолайлы болды. Кейіннен бұл алаңға діни топтар да кіріп, ақыры wordpress жабылды. Сөйтіп, блогерлер басқа платформаларға көше бастады.
Кейін әлеуметтік желілер, оның ішінде фейсбуктің қолданыс аясы кең тараған кезде блог деген не, блогер деген кім деген нәрсе түсініксіз болып кетті. Әлеуметтік желі қолданушыларының бәрін блогер деуге келмейді. Ендеше, қазіргі блогер кім, блог не – жауап беру қиын.
Қорыта келгенде, блог – интернет құрал. Ал, қазіргі блогерлер ұсақ-түйек дүние жазудан аса алмай отыр. Блогқұрылтай ол – биліктің интернет құралды өз қызметі мен жұмысына пайдалануы деуге болады.