Bugin event

Юнеско ғалымдарға арналған 50 миллиондық Халықаралық премия өткізіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

        Әлемнің барлық ғалымдарын Л’Ореаль – Юнесконың «Ғылымдағы әйелдерге арналған» 2022 Халықаралық сыйлығына өз кандидатураларын ұсынуға шақырады.

         Ғылыми-зерттеу институттарының басшысы болған,  Ұлттық Ғылым академияларының немесе басқа да ұлттық ғылыми мекемелердің мүшесі атанған және Ғылыми-зерттеу кафедрасының профессор атағын алған үміткерлер қатыс алады.

         Марапатамалар төменде көрсетілген  аймақтардың әрқайсысына бір-бірден физика, математика және информатика саласындағы бес көрнекті зерттеуші әйелге беріледі. 
-    Африка және араб мемлекеттері
-    Азия-Тынық мұхиты аймағы
-    Еуропа
-    Латын Америкасы және Кариб бассейні 
-    Солтүстік Америка

          Бес лауреатты ғылымды дамытуға қосқан үлестері үшін халықаралық қазылар алқасы іріктейді. Әрқайсысына 50 миллион  көлемінде сыйақы беріледі.
 
Үміткерлерде өтінішті жіберу үшін мамырдың 31-іне дейін уақыттары бар.
Осы мерзімге дейін онлайн-платформа арқылы алынған толық өтінімдер ғана қаралады.

Толығырақ @unescoalmaty парақшасында.