Қырғыз ағайындары түлектерге грант бөлуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 4 шілдедегі Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қырғыз Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2021-2022 оқу бағдарламаларына арналған 5 білім беру грантын ұсынады:

-    Бакалавриат бағдарламасы бойынша – 3 орын;
-    Магистратура бағдарламасы бойынша – 2 орын;

Оқыту тілі – орыс және қырғыз тілдері.
Грант келесі шығындарды өтейді:
-    тегін оқу;
-    ай сайынғы шәкіртақы;
-    жатақханада тұру мүмкіндігі;

Құжаттар 2021 жылдың 31 мамырына дейін қабылданады.

Гранттар бойынша  толық ақпарат @Bolashaq.cip парақшасында көрсетілген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61