Саясат
2020 жылы Трампты не күтіп тұр?
Элизабет Уореннің сөзіне сүйенсек, келесі Президент сайлауына дейін, яғни 2020 жылға жеткенше Дональд Трамп президент болмауы да мүмкін. Ол шындығында түрмеге қамалуы мүмкін екенін айтты.
Сенатор-демократттың айтуынша, Дональд Трамп нәсілшілдік пен жеккөрушілікті қоздыратын твиттерді жиі жариялайды. Сонымен қатар оның жазбалары арам пиғылды әрі жиіркенішті.
Ол баспасөзді және өзге үміткерлерді қақпанға түспей, Трамптың әрбір әрекетін назарға ала бермеуге шақырды. Сенбіде Уоррен өз кандидатурасын ұсынып, президенттік додаға ресми түрде кірісіп кеткен еді.
Айта кетейік, Трамп көп жылдан бері Уорренді үндіс ханшасының атымен және диснейлік Покахонтас мультфильмінің кейіпкерінің атауымен атап, мұқатып келген. АҚШ президентінің сайлауы 2020 жылы қарашада өтеді. Дональд Трамп Республикалық партия атынан екінші мерзімге сайлануға ниетті.