Bugin

Жас ұрпақтың намысын жаныған ұстаз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы». Ұлы Әл-Фарабидің  бұл сөзі кейіпкеріміздің кәсіби ұстанымына айналған. 
Шымкент қаласында Н.Төреқұлов атындағы № 62 жалпы орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің  оқытушы-ұйымдастырушысы Бауыржан Дүйсебаев ұстаздық өмір жолында  талай шәкірттің бойына темірдей тәртіп пен білімді ұштастырып келеді. 

20 жылға жуық шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ұлағатты ұстаз біршама түлектердің әскери қызмет саласына таңдау жасауына себепші бола білді. Белсенді педагог мектеп жанынан «Жас сарбаз» әскери-патриоттық спорттық клубын құрып, жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде. Грек-рим күресінен спорт шеберлігіне үміткер ұстаз түрлі спорттық, әскери жарыстарда өзі төрешілік етіп, оқушыларды спортқа баулып, жас ұрпақтың әскери қызметке деген ынта-жігерін жанып келеді. 
 Бауыржан Медешұлы дайындаған шәкірттер қалалық, облыстық, республикалық түрлі әскери-спорттық жарыстарда жеңіске жетіп, болашағынан үлкен үміт күттіруде. 
        
2018 жылы Көкшетау қаласында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында «Отаныма қызмет етемін!» тақырыбында өткен республикалық жарыста шәкірттері ІІ орын алды. 
2019 жылы «Балдәурен-Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылған республикалық «Біз, мәңгілік ел ұландарымыз!» тақырыбындағы сайыста І орын иемденіп, мектептің абыройын асқақтатты. 
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай, «Мен – өз Отанымның батыл қорғаушысымын!» тақырыбында ұйымдастырылған қалалық әскери-спорттық жарыста ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.