Bugin

Биыл 26 мыңға жуық шымкенттік ауызсумен қамтылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында 2021 жылы жалпы 85 жобаны (48,6 млрд теңге)  жүзеге асыру жоспарланған. 

Соның ішінде ауызсумен қамту көрсеткіші - 96 %. Биыл жалпы 25,6 мыңға жуық адамның ауызсуға қолы жетпек. 
I – тоқсанда бірқатар нысандарда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ішкі ауызсу жүйелері құрылысы бойынша Тұран шағынауданында – 86 пайыз, Асар-2 – 41 , Солтүстік саяжай – 35, Ынтымақ 2, Жаңатұрлан – 89 және Жаңаталапта – 87 пайыз жұмыстар аяқталды.
Сондай-ақ, магистралды үш нысан – Көмешбұлақ 4,48 шақырым (60 %), 9,37 шақырым және 10,61 шақырым суаққы құрылысы атқарылуда. 

Шымкентте су тасу мәселесі түбегейлі шешіледі.