Bugin

Мұрат Әйтенов: "Қаланы таза ұстау - бәріміздің міндетіміз"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен қаладағы тазалық жұмыстары мен көріктендіру бойынша көшпелі жиналыс өтті. Онда аудан әкімдері мен басқарма басшыларының санитарлық тазалық бойынша атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.  

«Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» басқармасының басшысы қаладағы 211 нысанға (саябақ, сквер, ескерткіштер, субұрқақ) күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуге биыл бюджеттен 3 млрд 323 млн теңге бөлінгенін айтты. Оның ішінде «Көк», «Чумчак», «Сайрам су сай» каналдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп биыл аяқталады. 

Жиында қала әкімі қаламызды таза ұстау алдымен әрбір қала тұрғынының, одан кейін тиісті мердігерлердің жүйелі жұмысына тікелей байланысты екенін атап өтті.

-    Қаладағы үлкен көшелерді аудан әкімдіктері, үй айналасын кондоминиум, сауда нысандарының тазалығына келісімшартпен кәсіпкерлер жауапты болулары керек. Тазалықта иесіз жер болмауы тиіс. Мердігер мекемелер аудан әкімдіктерімен етене жұмыс жасауы қажет. Енді оларға әлеуметтік желідегі сын-шағымдар дәлел ретінде қабылданып, айыппұл салынатын болады. Аула ішіне тұрғындар мен коммуналдық мекемелер жауапты. Сондықтан тұрғындар арасында тазалықты насихаттап, көптеп насихаттық баннерлер ілінсін. Үшінші мегаполис болғандықтан, алдағы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен өзімізді салыстырамыз. Қаланың тазалығы 1 орында. Мұндай қолайлы ауа-райы бар қала таза болуы керек. Қаламен бірге ондағы тұрғындар санасы да дамуы тиіс, - Мұрат Әйтенов.

Қала әкімі жыл басынан бастап әр ауданға тұрғындарды тазалыққа үйрету мақсатында 4 экологиялық тазалықты бақылайтын маман бөлінгенін айтып, алдағы уақытта олардың санын онға дейін көбейтуді тапсырды. Құрылыс қалдықтарын тастаушыларға нөлдік төзбеушілік бойынша айыппұлдар салуға, полиция қызметкерлерін бұл жұмысқа белсене қатысуға шақырды. Бейнебақылау қою керек жерлер болса ұсыныс ендіру керектігін алға тартты. Сонымен қатар, бюджет қаражатын үнемдеу үшін көп жылдық гүлдерді егуді және сектор бойынша отырғызуды жүктеді.