Bugin
Ерлан Қиясов қазақстандықтарға мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
"Құрметті отандастар, жақын арада covid-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерге демалысқа немесе өзге де істер бойынша баратын барлық адамға үндеу тастағым келеді. Мен коронавирустық инфекция кең таралған мемлекеттерге бармауларыңызды сұраймын. Қазіргі уақытта бұл – Үндістан, Түркия, Еуропаның, Латын Америкасының, оңтүстік-шығыс Азияның кейбір елдері. Коронавирустық инфекцияның жаңа штамдары тез жүреді және таралады, қоғамға және жалпы денсаулық сақтау жүйесіне өте қауіпті. Демалысты күте тұрыңыз, өйткені бұл сіздің жеке денсаулығыңыз ғана емес, сонымен бірге жақындарыңыздың гүлденген және толыққанды өмірі", — делінген Ерлан Қиясовтың үндеуінде.