Әйелді аяусыз өлтіріп, ақшасын алып кеткен ер адам ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда әйел өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қылмыс жасағаннан кейін ер адам әйелдің банк картасынан 3 миллион теңге аударып, Атырау облысына қашып кеткен. Кері жолда күдікті ұсталған.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылған. Өзімен бірге ол үйден алып кеткен 2,5 миллион теңге болған. Ол кінәсін толық мойындады. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылы туған әйел 5 шағын аудандағы көп пәтерлі үйде қаза тапты. Марқұмның балалары бар.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61