Bugin
Екі елдің шекарасында 134 азамат жарақаттанған
Қырғыз-тәжік шекарасында болған атыста 134 азамат жарақаттанып, 13 адам қаза тапқан. Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бүгін таңғы 7:50-де хабарлады.
Медицина қызметкерлерінің сөзінше, 25 адам арнайы бортпен Баткеннен Бішкекке жеткізілген Бішкектегі травмотология және ортопедия ғылыми – зерттеу орталығы мен ұлттық госпиталь және хирургия орталығына жатқызылған.
«Зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр, қалғанының жағдайы орташа ауыр және салыстырмалы түрде орташа» деп хабарлады министрлік.