Bugin

Мұндай көрсеткіш болмаған: 18 376 524 үнді сырқат

Кейінгі тәулікте 3645 үндістандық көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы тәулікте коронавирустың 379 257 жаңа жағдайы тіркеліп 3645 адам қайтыс болған. Мұндай көрсеткіш пандемия басталғалы әлемнің ешбір мемлекетінде болмаған. Ал, ел үкіметі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 18 376 524 адамға жеткенін хабарлады. 

Үндістанның ең көп зардап шеккен аймақтарына: Махараштра, Керала, Карнатака, Уттар-Прадеш, Тамилнад штаттары жатады. Оған қоса, Делиде кейінгі тәулікте 381 адам қайтыс болған.   

Қазіргі уақытта Үндістан вирус жұқтырған науқастар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. 

Еске сала кетейік, 22 сәуірде Үндістанда алғаш рет бір күнде 314,8 мың жаңа жағдай тіркеліп, әлемдік рекорд орнатқан болатын.