"Ұрттайтын" адам енді көлік жүргізе алмайды

Ресей елінің болашақ жүргізушілеріне жаңа заң енгізілмек. Енді, әрбір азамат жүргізуші куәлігін алмас бұрын, маскүнемдік пен нашақорлыққа арналған тесттілеуден өтеді. Бұл туралы Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

16 наурыз күні Ресей елінің мемлекеттік жоспарына мас күйінде көлік айдаған жолаушылардың жазасын 2-3 жылға ұзарту енгізілген. Осыған байланысты, өкімет көлік жүргізу куәлігін алу үшін медициналық анықтама алу жолдарын реттейді. Сонымен қатар, жоспар бойынша бастапқыда куәлігінен айырылған жүргізушілер міндетті түрде осы тестілеуден өтуі тиіс. Азамат ең алдымен дәрігердің алдына тексерістен өту үшін барады. Егер медициналық қызметкер адам бойынан созылмалы маскүнемдік мен нашақорлықтың белгілерін байқайтын болса, жүргізуші куәлігі берілмейді. Сонымен қатар, емделуші арнайы зерттеуге жіберіледі. 

Бұл жоспар 2019 жылы заңдар жинағына енгізілуі тиіс еді. Атап айтқанда, азаматтарда созылмалы аурудың бар екенін көрсететін көмірсутегі жетіспейтін трансферриннің (ЦТТ-тест) болуы үшін қан тапсыруға міндеттеу ұсынылды. Алайда, реформа медициналық анықтама бағасының 10-13 есеге өсуіне әсер етті. Анықтама құнының күрт өзгергеніне байланысты мемлекет президенті Владимир Путин өз ойын білдірді. Ол денсаулық сақтау министрлігінің жаңа заңын сынға алды. Осы себептен, жоспар 2022 жылға ауыстырылып, құжат қайта қарауға жіберілді. 
Енді CDT анализдерінің орнына, алкогольдің созылмалы қолданылуын анықтау үшін қан мен несепке зертханалық зерттеулер жүргізу ұсынылды.