Bugin event

Алматы қаласында авторлар мен жазушыларға арналған шара өткізіледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құрметті, оқырман!,

Алматы қаласының Ашық Әдеби Мектебі Халықаралық жазба бағдарламасы және Айова Университетінің әріптестерімен бірге алғашқы Алматы Жазу Резиденциясына қатысуға шақырады.

Almaty Writing Residency – Ольга Маркова атындағы Алматылық Ашық Әдебиет Мектебі (ААӘМ) және танымал американдық International Writing Program (IWP) бағдарламасының халықаралық жобасы. 2021 жылғы резиденция тақырыбы «Қазақстандық сәйкестік» болып табылады. 

Авторлар, шақырылған шебер жазушылар және ерікті тыңдаушылар  – сәйкестікке қатысты мәселелерді, осы бағыттағы халықаралық тәжірибені, Қазақстанда қазақ пен орыс тілдеріндегі әдеби үдерісті талқылайтын болады. 

Мақсаты - қазақ пен орыс тілді авторлар арасындағы байланысты нығайту және өзара тәжірибе алмастыру. 

 Қатысуға өтініш берудің соңғы мерзімі - 2021 жылдың 1 шілдесі. 

Бағдарлама АҚШ Миссиясының «Chevron» компаниясымен жеке-мемлекеттік серіктестігі шеңберінде жүзеге асырылады.

Қосымша ақпаратты  https://litshkola.kz/almaty-writing-residency-kaz/ сайтынан алуыңызға болады.