Bugin

Интернетте қызу талқыға түскен жүргізуші жазаланды

100 мың теңгеден астам айыппұл төлейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда қарсы бағытқа шығып өрескел тәртіп бұзған азамат жүргізуші куәлігінен айырылып, 100 мың теңгеден астам айыппұл төлейді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Апаттық жағдай тудырған Mercedes-220 жүргізушісі көлік ағынынан шығып, қарсы жолақта жүруді жалғастырды. Ал, сол уақытта көліктің алдында отырған жолаушы оқиғаны ұялы телефон камерасына түсіріп отырған. Автокөлік Немирович-Данченко көшесімен Рысқұлов даңғылынан солға бұрылыс жасап келе жатқан.

"Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға жауап аясында құқық бұзушы анықталды. Бұл 22 жастағы сырттан келген азамат болып шықты. Қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған қозғалыс бөлігінен шыққаны үшін құқық бұзушыға ҚР ӘҚбК-нің 596-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жүргізушіге қатысты жинақталған материал шешім қабылдау үшін қалалық әкімшілік сотына жіберілді. Ол көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Құқық бұзушы қарсы келе жатқан жолаққа шығумен қатар қиылысты бағдаршамның тыйым салатын белгісінен кесіп өткен, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ, қауіпсіздік белдігінсіз жүріп, маневр жасап, апаттық жағдайларды тудырған. Құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды, мөлшері 100 теңгеден асады", – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.