Bugin

Елімізде локдаун енгізіле ме? - А.Цой жауап берді

Үкімет ТЖ режимін қарастырып жатқан жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде қатаң карантин режимін енгізу қарастырылмайтынын хабарлады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы мәлімдейді.

"Қазіргі таңда үкімет елде қатаң төтенше жағдай орнату туралы қарастырып жатқан жоқ. Бірақ ТЖ режимі мемлекет басшысының бұйрығымен енгізіледі. Шешімді мемлекеттік комиссия шығарады. Елдегі эпидемиологиялық ахуал өршіп, ауруханалардың 70%-ға толған жағдайда локдаун енгізіледі. Міне, осы кезде қатаң карантин орнатылады", - деді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр ойын-сауық орталықтарында жүргізіліп жатқан вакцинациялау жүйесі жайлы да пікір білдірген болатын.