Hi-Tech
Sony корпорациясы жайлы не білесіз?
Sony Corporation, Сони (жапон. ソニー株式会社Sonī Kabushiki Gaisha?) – 1946 жылы Жапонияда құрылған трансұлттық корпорация. Негізі Токио маңындағы Минато қаласында салынған.
Sony Corporation тұрмыстық және кәсіптік электроника, жоғарғы технологиялық өнімдерді өндірумен айналысады. Сонымен қатар Sony әлемдегі ең ірі медиа компанияларының бірі болып келеді. Sony Music Entertainment дыбыс жазу маркасына, Columbia Pictures және TriStar Pictures киностудияларына, сонымен қатар MGM компаниясының толық фильмдер архивіне ие.
«Sony» компаниясының негізін 1946 жылдың 7 мамырында Акио Морита және Масару Ибука салған. Компанияның бастапқы атауы «Tokyo tsushin kogyo kabushiki kaisha» болған, қысқаша Тотсуко. Алайда, оның аталуы американдықтарға қиындыққа соққан. Қазіргі «Сони» екі сөздің қосындысынан шыққан лат. sonus («дыбыс») және ағылш. sunny boys («күн балалары»; ағылшын тіліндегі sonny-boys сөзі жапон тілінде «кішкентай данышпандар» деген мағынаға ие). Жапонша «сонни» дыбысы сәтсіз бизнес деген сөзге ұқсас келгендіктен бір «n» әрпін алып тастауды шешкен. Алайда «Sony» атауы тек 1958 жылдың қаңтар айында ғана берілген.
Көп жылдар бойы Морита компанияға басшылық етіп, нарықта үлкен жетістіктерге алып келген. Жақсы да тартымды дизайны мен жаңашылдығының арқасында Sony өзінің атын шығарады. 1950 жылдары компания өзінің алғашқы «TR-63» радио қабылдағышын шығарған. Sony Rolly атты әуен ойнататын роботты, AIBO атты ит тәрізді роботты, гуманоидтарды және QRIO-ды жасап шығарған. 1970-1980 жылдары бірінші портативті Walkman аудиоплеерлері шыға бастайды. 1983 жылы Philips компаниясымен бірігіп нарыққа алғашқы компакт-дискілерін шығарады. 1990 жылдары алғашқы «мини-дискмэндер» пайда болған. 1990 жылдың өзінде Sony 500-ге жуық жаңа өнімдер шығарған, ол дегеніңіз күніне екі жаңа зат шығарып отырған. 1994 жылдың аяғында корпорация жапон нарығына PlayStation ойын консольін ұсынады. Оның сәтті болғаны сонша 2000 жылы PlayStation 2, 2006 жылы PlayStation 3 ойындары шығады. 2011 жылдың тамыз айында компания портативті техникаға арналған компьютер экрандарын шығару үшін Toshiba, Hitachi және Innovation Network Corporation of Japan атты жапондық мемлекеттік-жеке меншік компаниясымен бірлескені жайлы жария етті.
Әрине, жапондықтар неше түрлі дүние ойлап шығарса да, ең мықтысы және сұранысқа иесі болып осы корпорация тұрмақ.