Bugin

"Вакциналанды" деген құжат 15 000 теңге тұрады

Құжатты 15 мың теңгеге бағалапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласында медбике азаматтардың вакциналаудан өткенін растайтын электронды паспортты сатпақшы болған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы мәлімдейді.

Құжаттың құнын 15 мың теңгеге бағалапты. Дәрігермен келісіп, «вакцина салынды» деген деректі бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізіп бермекші болған. Ал медбике екі жылдан бері декреттік демалыста отырған ана болып шықты. Қазір аталмыш оқиға байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Қоғамдық денсаулық басқармасыныңың сөзінше, медбике ұсынған электронды құжатты ешкім алып үлгермеген. Қазіргі таңда барлық медициналық ұйым мен ақпараттық жүйелер және мәліметтер базасы тексеріліп жатыр.

«Аталмыш дерек соталды бірыңғай тізілімінде қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша тіркеліп, анықтау басқармасы тергеуді жүзеге асыруда. Осы іске қатысы бар деген құқықтық тұлғалардың барлығына баға берілетін болады»-, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.