Bugin

Балаларға вакцина салына ма?

Балақайларға екпе егу ата-аналардың жұмысын жеңілдетеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Немістің "BioNTech" биотехнологиялық компаниясының директоры Угур Шахин 12 жастан асқан балаларға арналған COVID-19 вирусына қарсы вакцина дайындаудың соңғы сатысында екенін мәлідеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Журналистерген берген сұхбатында ғалым әзірленген вакцина осы жылдың маусымында Еуропада 12-15 жас аралығындағы балаларға қолжетімді болатыны туралы айтты. Бүгінгі таңда Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінде препаратты мақұлдау туралы өтініш дайындалуда.

Неміс ғалымдарының пікірінше, жаңа оқу жылына дейін ересек балаларды вакцинациялау, балаларды үйде оқытуда қолайсыздыққа ұшыраған ата-аналардың жұмысын жеңілдетеді.

"Балалардың қалыпты мектеп өміріне қайта оралуына және олардың отбасымен және достарымен кездесуіне мүмкіндік беру өте маңызды",- деді У.Шахин.

"BioNTech" компаниясы мен серіктесі "Pfizer" АҚШ-та 12 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға вакцинация жасауға рұқсат алуға өтініш жасады.