Bugin

Кейінге тәулікте 109 мың қазақстандық вакцина салдыртты

Ал әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны еселеп көбеюде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде кейінгі тәулікте 109 мың адам вакцинацияланды. 1 сәуірдегі көрсеткішпен салыстырғанда 11 есеге артқан. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

 

«Халықты жаппай иммундау үшін еліміздің барлық емханалары мен ірі сауда орталықтарында 1400 вакцинация пункті ашылды. Оның ішінде 300-і көшпелі. 11 мыңнан астам медицина қызметкері вакцинация науқанын өткізуге атсалысып жатыр. Сәуір айының соңында 2,3 млн қазақстандық үшін вакцинацияға қолжетімділік қамтамасыз етілді. COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын ерікті негізде 1 293 379 адам және 266 457 адам вакцинаның екінші дозасын алды», деді министрлік өкілдері.

«Вакцинация қарқыны қазір азаматтардың өздерінің саналы көзқарасына, жақындарының денсаулығы мен жалпы иммунитеттің пайдасына олардың дұрыс таңдауына байланысты екенін атап өткен жөн. Бұл ретте, вакцинация ерікті негізде жүзеге асырылады және ел тұрғындарының вакцинаның үш түрін (SputnikV, QazVac және HayatVax) таңдау мүмкіндігі бар», делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, халық дәл осы белсенділігін сақтаса, ай сайын шамамен 2 млн адамға екпе егуге мүмкіндік туады.

«Қазақстанда қолданылатын вакциналар қауіпсіздік пен тиімділікке тексеруден өтті, сондықтан олар коронавирус инфекциясын жұқтыруға қарсы дәлелденген құрал. Бүгінгі таңда тек вакцинация елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретінін естен шығармау керек» деді министрлік.

Еске салайық, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистика деректеріне сәйкес 30 сәуірдегі жағдай бойынша COVID – 19 жұқтырудың 151 104 146 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 128 987 465 адам жазылды. 3 178 208 қайтыс болды. Өлім-жітім көрсеткіші 2,1%. Бір тәулік ішінде 879 586 жағдай тіркелген. Коронавирус инфекциясымен ауыратындардың жалпы санының өсуі – 0,6%.