Bugin
Оқушылар әлеуметтік желі арқылы министрлікке үндеу жолдады
Emiritze атымен белгілі 9-сынып оқушысы Эмир Алмашев емтихандарды өткізбеуді талап еткені туралы Bugin.kz платормасы хабарлайды.
Әлеуметтік желдегі оқушының хабарлама-видеосы жарты миллионға жуық қаралым жинап, қызу талқылауға түсті. Өз сөзінің басын президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Білім министрі Асхат Аймағамбетовке, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға үндеуімен бастады.
"Біз тоғызыншы және он бірінші сыныптарға арналған 2021 жылғы қорытынды аттестаттаудан бас тартуды және аттестатқа түлектердің жылдық бағалары негізінде баға қоюды талап етеміз", – деп мәлімдеді бозбала.
Эмир Қазақстанда сәуірде коронавирусқа қатысты жағдай өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда айтарлықтай нашарлағанын айтты. Өткен жылы 9 және 11 сыныптарға арналған емтихандар болмады. Ал қазір еліміздің көптеген аймағы коронавирустың "қызыл" аймағына енген кезде емтихан өткізу жоспарланып отыр.
"Біз жарты жыл онлайн оқыдық, ал үшінші тоқсанда оффлайнға ауыстырды. Бірақ бұл уақыт нәтижелі болмады. Көптеген оқушы тіпті мектепте жүріп инфекция жұқтырды. Түлектерге қазір үлкен салмақ түсіп отыр: пандемия жағдайында ҰБТ, оқуға түсу және аттестаттау күтіп тұр", – деп жалғастырды оқушы.
Ал Білім министрлігінің баспасөз қызметі 9 және 11-сыныптарының қорытынды емтиханы өтетінін айтты. Бұған дейін де емтихан өткізу керек деп мәлімденді. Осы қорытынды емтихандарға дайындалу үшін 9 және 11-сынып оқушыларын оффлайн режимінде оқыту туралы шешім қабылданған болатын.