Bugin

"Интер" "Ювентустың" чемпиондық сериясын үзді

"Интер" Италия чемпионатының 2020/2021 жылғы маусымының жеңімпазы атанды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

34-ші тур аясындағы "Аталанта" мен "Сассуоло" клубтарының тең ойынынан кейін "Интер" уақытынан бұрын "Скудетто" иегері атанып үлгерді.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы рет 2011 жылы "Милан" Италия үздігі атанған болатын. Содан бері "Қарт синьора" жеке дара көш бастап келе жатқан еді.

"Интер" 34-ші турда "Кротоне"-ге қарсы матчта 0:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша 82 ұпаймен көш бастаған Антонио Конте шәкірттері "Ювентустың" чемпиондық сериясына нүкте қойып клуб тарихында 19-шы рет Италия чемпионы атанды.