Bugin

Петропавл: Алапат өрт қураған шөптен бастау алған

Зардап шеккендер жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Петропавл қаласының  маңында қураған шөп пен қамыс өртеніп, жалын қаланың ықшам аудандарына дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД мәліметіне сүйенсек, мамырдың 2-сі күні Петропавл маңында құрғақ шөп пен қамыс өртенген. Бұл жағдайды жергілікті халық 101 номеріне сағат 13:22-де хабарлады. Тұрғындар Былғары зауыты ауданында құрғақ шөптің жанып жатқанын айтқан.

Оқиға болған жерге облыс орталығынан 3 өрт сөндіру бөлімшесі жөнелтілді. Желдің қатты күшеюінен жалын өршіп, жақын тұстағы қамысты шарпыды. Осылайша тілсіз жау 3 гектар жерді жалмаған. Ал құтқарушылар шағын аудандағы тұрғын үйлерді аман сақтап қалу үшін екі сағат отпен арпалысты.

Дегенмен, бір тұрғын үй мен екі қора жанып кетті. Ал өрт тек сағат 17:16-да ғана толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.