Bugin
Алматы қаласы Медеу ауданының судьясы Светлана Жоламанова мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
50 минуттық видеода судья өзіне тағылған айыптың барлығын жоққа шығарды. Ол пәтерін сатып, ақшаны жұмыс кабинетінде сақтағанын айтты.
— Қазір мен әлі қамауға алынбадым. Пара алды деген күдікке де ілінбедім. Қызметтік кабинетімнен табылған 10 мың АҚШ доллары – жеке жинағым,–деді ол.
Сондай-ақ ол бұған дейін әлеуметтік желіде жеке кабинетінен 4,5 мың, үйінен 2 миллион 800 мың және көлігінен 600 мың доллар табылды деген ақпараттың да шындыққа жанаспайтынын жеткізді.