Bugin
Оралда 02.04.2021 жылы қалалық саябақта төтенше жағдай орын алған. Салдарынан 8 бала жарақат алып ауруханада жатыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Қалалық саябақтағы әткеншек айналып тұрған жерінен кенет тоқтап қалады. Нәтижесінде балалар бір-біріне соғылған. 5 жастан 10 жасқа дейінгі балалар жабық бас сүйек-ми жарақатын алып миы шайқалған. Болған жайтқа қатысты полиция тергеуді бастады.
Айта кетейік, дәл осы саябақта 2 жыл бұрын осыған ұқсас жағдай орын алған.