Bugin
Қырғызстан мен Тәжікстан 9 мамырға дейін 112 шақырым шекараны белгілейді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы 24.kg сайтына сілтеп хабарлайды.
Қырғызстан ҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев былай дейді:
– Біз сипаттамаға 112 шақырым жерді бердік. 9 мамырға дейін аяқтау керек. Содан кейін президенттер қол қойып, демаркация жасайды. Әзірге тек Құлындыға дейін.
Шекарадағы қақтығыс 28 сәуірде "Головной" су тарату пунктінің аумағында басталған. Кейін ол әскер бөлімшелері мен ауыр техниканы қолдануға дейін өсті. Баткен облысының бірқатар шекаралас ауылына соққы жасалды. Тараптар 1 мамырда кешке ғана бітімге келу және әскерлерді шығару туралы уағдаласты.
Медициналық көмекке 183 қырғызстандық жүгініп, 36 адам қаза тапты, олардың арасында балалар да бар. Қақтығыс аймағынан 33 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Тәжік тарапы бейресми түрде 150-ден астам жараланғаны және 16-ға жуық адам қаза тапқаны туралы хабарлады.
Қырғызстанның мәліметінше, қырғыз шекаралас ауылдарында 78 үй, екі мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, балабақша, милиция пункті, үш өткізу пункті, он жанармай құю станциясы және сегіз дүкен қирады.
Тәжік тарапының мәліметінше, шекара маңындағы Хожа Ало ауылында өрттен 10-нан астам үй қираған.