Bugin
30.04.2021 жылы 30-ға тарта азаматша заңсыз тұрғын үй беруін талап етіп Шымкент қаласының әкімдігіне келген еді. Әкімдік ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Талап етушідердің кейбірі пәтер кезегінде тұрса, кейбірі мүлдем тұрмаған.
Әкімдік тарапынан тиісті сала басшысы жиналған әйелдердің әрбіріне кезек санын анықтап, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлер белгіленген тәртіппен және кезек ретімен берілетінін жеткізумен болды.
Мұндай мәселемен қала әкімінің қабылдауына да келушілер аз емес. Десек те, кезектің жылжуы автоматты түрде болса, өзге де мәселелер қала әкімінің жіті бақылауына алынған.
– Кезекке тұру үшін заңда көрсетілген санаттардың біріне енуі (ҰОС ардагері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобындағы азаматтар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер және жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар), мекенжайы соңғы 3 жылда Шымкент қаласында болуы және соңғы бес жылда тұрғын үй тіркелмеуі керек.
Осы санаттағы азаматтарға ғана баспана заң аясында, белгілі тәртіппен ғана беріледі, – дейді әкімдік баспасөз қызметі.