Bugin

Ә. Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз” роман-диалогының идеясы

“Ақиқат пен аңыз” роман-диалогы – қазақ романдарының тарихында өзіндік ойып алар орны бар, көркемдік стилде жазылған ерекше туындылардың бірі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соғыс жылдарында өз ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен, Отанына деген шексіз махаббатымен көзге түскен батырлардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Батырдың ерлігі жайлы көптеген еңбек, очерк және мақала жазылған. Осы еңбектердің ішінде Ә.Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз” роман-диалогы өзінің жазылу үлгісі мен ерекше көзге түседі.

Ақын өмірінің қыр-сырын сұрақтар қою арқылы Бауыржан Момышұлының бейнесін ашады.

Біріншіден, батырдың шындыққа, ақиқатқа деген құлшынысын, оның батырлығы жайында жазылған әр шығармасының шындықпен ұштасуын қалайтынын мына сөздерден аңғарамыз:

“Егер өтірік жазсаң алдымен сол қолыңды, содан оң қолыңды шауып тастаймын деп қылышын жарқ еткізіп, қынабынан суырып алып, жазушыға серт қойған сәті әрқашанда жадымызда жүрді”.

Екіншіден, батырдың еш қиындық алдында қайыспайтын мінезі, Отан үшін жанын жүрегінен суырып беретін, ержүректігі екі рет өлім аузында қалса да, тайталасып жатқан майдан шебіне оралып күн демей, түн демей шайқас жүргізеді:

“Мен 207 рет ұррысқа кіріп, 5 рет қоршауда қалып, екі рет ауыр жарақаттандым. Бірақ екеуінде де саптан шыққаным жоқ. Біріншісінде омыртқама оқ тиді. Онда мен госпитальға бармай жатқан полкке қайтадан кеттім”, – деп елін қорғау парызы өзінің өмірінен де артық қоятынын аңғарамыз.

Үшіншіден, батыр бойына адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіргені мына сөздерінен аңғарамыз:

“Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтымды сүюші адаммын. Мен нацизмнің туын көтерген фашизмге қарсы жан аямай күрескен кісімін. Фашистерді жан тәніммен жек көріп соғыстым. Мен Отанымды жан-тәніммен жақсы көрдім. Осы екеуінде жауға деген өшпенділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті айтамын, мен қол астымдағы әр жауынгердің, әр командирдің жүрегіне ектім”,- деп бойына біткен әр өршілдік рухымен Отанына деген махаббаттың арқасында берілмей, қасықтай қанын пида етіп, жанып тұрған отқа талай түскен.

Міне, осындай батырымыздың ерлігін өскелең ұрпағына дәріптеген батырды қыр-сырынан танытқан ақиқат пен аңызды ұштастыра жырлаған ақынның роман-диалогы халықтың маңдайына біткен асыл мұраларының бірі.