Вакцина жасқа қарамайды: 90 жастағы қария екпе салдырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының 90 жастағы тұрғыны Қуаныш Әбдірахманов  өз еркімен жергілікті тіркелген емханасына келіп, ковидке қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бір ғасырға жуық өмір сүрген қария – Шымкент қаласының құрметті азаматы. Әлемдегі жағдайдан күнделікті хабардар болып отырған қарт кісі вакцина қабылдауды жөн көрген. Екпе салмас бұрын қарияны дәрігерлер тексеруден өткізген. Қарсы көрсетілімдер болмағандықтан, «Спутник-V» вакцинасының І-компонентін салып берді. 

– Ойлана келе өз еркіммен вакцина вакцина салдыруға шешім қабылдадым. Біз вирусты осылай жеңеміз. Көпшілікке вакцинадан қорқудың қажеті жоқ екенін айтқым келеді, –  дейді қария.

Айта кетейік, Қуаныш Әбдірахмановтың отбасы мүшелерінің барлығы ковидке қарсы екпе алған. 23-сәуір күні екпенің бірінші компонентін салдырған қария арада 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін қабылдауы қажет.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61