Bugin

Әйгілі Фенербахче Алматыда футбол мектебін ашты

1907 жылы құрылған «Фенербахче» Түркияның суперлигасын 28 рет жеңіп алған. Бүгінгі таңда ең жоғары нәтиже көрсеткен тәлімгерлерінің бірі – Мерих Демирал. Мелих атақты «Ювентус» сапында аты аңызға айналған Криштиану Роналдумен бірге доп теуіп жүр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түріктің атақты футбол клубы қазақ жастарын жаттықтырады

Түріктің атақты футбол клубы қазақстандық балаларды жаңа деңгейге көтермекші. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Күні кеше Алматыдағы Орталық стадионда «Фенербахче» ұжымымен кездесу өтті. Шара барысында журналистер түрлі сұрақтар қойып, керекті жауабын ала алды.
 

Түрік мамандарының мақсаты қандай?

Осыдан екі жыл бұрын Елбасы «Фенербахченің» президенті Али Кочпен кездескенінде өтініш айтыпты. Содан түрік мамандары екі жылды артқа тастап Қазақстанға ат басын бұрған. Ең бірінші Германияда, сосын Әзірбайжанда мектебін ашқан түркиялықтар үшінші кезекке Қазақстанды қойған екен. «Неге Қазақстан?» деген сұраққа: «Германияда ашу себебіміз, ол жақта 5 млн-ға жуық түрік халқы өмір сүреді. Ал, Әзірбайжан мен Қазақстан бауырлас ел. Мақсатымыз – әлемдегі атақты футболшылардың қатарына қазақ жастарын қосу. Түбіміз түркіден тараған соң туыс халықтың спортының дамуына үлес қосу – біз үшін мақтаныш», –  деп жауап берді .


 

Балаларға ағылшын тілін де үйретеді

Футбол үйірмесіне қатысу құны айына 30 000 теңге және аптасына үш мәрте бір жарым сағаттан жаттығу болады. Кез келген қара домалақты теңбіл доп өнеріне баулуға болады. Алайда, алғашқы 1-2 ай шамасында көзге түскен, таланты бар жастар таңдалады. Ал, үйірмеге 5 пен 15 жас аралығындағы кез келген бала қатыса алады. Қазақстанда жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларды Түркиядағы клубтарға, тіпті Еуропалық теңбіл доп ұжымдарына да апаруға қауқары жетеді. Тек әр баланың көрсеткен нәтижесіне байланысты. Жаттығу басталмас бұрын жиырма минут ағылшын тілінен қосымша дәріс те оқылады. Балалардың талантын шыңдайтын екі жаттықтырушының бірі Селим Вургунның осы салада еңбек еткеніне 11 жыл болған екен. Он тоғыз жасынан кішкентайларды баптап келе жатқан Седат Чичек те осал маман емес көрінді.

Қазіргі таңда 25-ке жуық бала тәлім алып жатыр. Ұжым мақсаты – елу немесе ең көп дегенде жүз баланы ғана жаттықтыру. Себебі, саны аз болса да сапалы қылып шығару. «Фенербахче» академиясының Қазақстандағы бас директоры – Сайгын Балікелдің сөзінше футбол ғана емес, баскетбол үйірмелерін де ашуды көздеп отыр екен.

1907 жылы құрылған «Фенербахче» Түркияның суперлигасын 28 рет жеңіп алған. Бүгінгі таңда ең жоғары нәтиже көрсеткен тәлімгерлерінің бірі – Мерих Демирал. Мелих атақты «Ювентус» сапында аты аңызға айналған Криштиану Роналдумен бірге доп теуіп жүр.

Дайындаған: Мәулен Жексенбі