Bugin

Android қолданатындар да Clubhouse-қа тіркеле алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Clubhouse әлеуметтік желісі Android-қа ресми сынақ нұсқасын шығарды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Android Police-ке сілтеп хабарлайды.

Қазіргі уақытта қосымшаға бірнеше пайдаланушы ғана тіркелді. Алайда, компанияның ресми блогында алдағы апталарда көптеген пайдаланушы Clubhouse-ты Android-та да сынап көре алады деп айтылған. Қосымшаның толық шығарылымы қашан болатыны әлі белгісіз. Сарапшылар әлеуметтік желі жақын арада барлық пайдаланушылар үшін шығады деп күтеді.

"Біз бірнеше қолданушыға алдын-ала нұсқасын шығара бастадық. Егер сіз біреудің Android-та Clubhouse-қа тіркелгенін естісеңіз, оларды жылы қарсы алыңыз!", - делінген Сlubhouse хабарламасында.