Bugin event

«Абай әлемі» ғылыми байқауы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

   Студент пен магистрант назарына!

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасында «Абай әлемі» ғылыми байқауын екінші рет ұйымдастырып отыр. 

Мақсат - Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау. Абайды заман талабына сай жаңа қырынан танытуға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету. 

Байқауға магистрант пен студенттің тек қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады.

Ғылыми мақалалар мына тақырыпта болуға тиіс. 

Студент үшін: 
1) «Абай мұрасы - рухани жаңғыру өзегі»;
2) «Абай шығармашылығының  рухани арналары»;
3) «Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі».
 
Магистрант үшін:
1) «Абай шығармашылығының ренеcсанстық сипаты»;
2) «Қуғындалған абайтанушылар»;
3) «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі».

Сыйақы қоры:

Студенттер арасында:

1 орын – 400 000тг (1 жүлде)

2 орын – 300 000тг (2 жүлде)

3 орын – 200 000тг (3 жүлде)

Магистранттар арасында:

1 орын – 500 000тг (1 жүлде)

2 орын – 400 000тг (2 жүлде)

3 орын – 300 000тг (3 жүлде)

2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдеге дейін өтінімдер мен мақалалар abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. 

Жеңімпаздар 2021 жылдың тамыз айында анықталады. 

Байқау ережесі туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз.

Байланыс тел.: 8 (7172) 27 26 09