Bugin

Темекі шегетін ардагер Даниал Ахметовтің құттықтауына лайық па

Ардагер әжені 9 мамырда Даниал Ахметовтың өзі келіп құттықтауы керек болған.  Кейіннен оны тізімнен шығарып тастаған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстанда Жеңіс күнін тойлау қарсаңында жағымсыз оқиға болды. Ардагер әженің немересіне облыстық әкімшіліктен хабарласып, 9 мамырда Даниал Ахметовтың өзі келіп құттықтайды деп уәде берген. Кейіннен ол «қартайған және темекі шегеді» деген сылтаумен тізімнен шығарған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Arnapress.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

Ардагер әженің немересі бұны инстаграм әлеуметтік желісінде ашынып жазды.

Бұл жаңалық әлеуметтік желіде кең тарап, желі қолданушылардың наразылығына ұшырады.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкім Даниал Ахметов бұл келеңсіздікке қатысты өз пікірін білдірді. Аймақ басшысының пікірі оның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында пайда болды.

Даниал Ахметовтың жазбасында:

"Мен облыстың ардагерлер кеңесі қызметкерлерінің дұрыс жұмыс жасамағанын өкінішпен айтамын. Немересі Манапқа телефон шалып, кездесуіміздің барлық егжей-тегжейін келісіп алдық. 7 мамырда міндетті түрде барып, жерлесіміз, тыл еңбеккері Хау Буланбаеваны Жеңіс күнімен құттықтаймын. Біздің ардагерлерімізді қорғау үшін маған ПЦР тестілеуден өту керек. Пандемия уақытында егде жастағы адамдарда инфекция жұғу қауіпі жоғары. Сондықтан біз олардың өміріне қауіп төндіре алмаймыз. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің жеңіске қосқан үлесі баға жетпес. Мен жыл сайын 9 мамырда ардагер жерлестерімізді құттықтаймын. Өз тарапымнан болашақта мұндай қателіктер қайталанбауы үшін ардагерлер кеңесінің жұмысына қажетті түзетулер енгізілетінін атап өткім келеді" делінген.