Bugin
«Nartay Aralbayuli» YouTube каналында Елнұр Бейсенбаевпен Жанболат Мамайды дебатқа шақырған еді
Жанболат Мамай «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында Жылқышыбаймен сұхбаттасты. Сол сұқбатта Жанболат мырза Елнұр Бейсенбаевтың шақыртуына жауап берді.
Мамай өз сөзінде: «Елнұр Бейсенбаевқа тікелей эфирде айттық: сенің бұл тартыста, бұл күресте ешқандай шаруаң жоқ. Мен тікелей Байбекті шақырдым, сондықтан Байбек жалтармасын. Байбек өзі тікелей эфирге дебатқа шығып, өзінің ақ екенін, елдегі жүргізіп отырған саясатының дұрыс екенін, өздерінің өте бір әділ екенін делелдеп көрсін деген сөздерді айттым. Елнұр Бейсенбаев деген өзінің басында билігі жоқ адам», - деп мәлімдеді.