Bugin

"Депутаттар 80 Алматы сыятын жерді жалға бермек"

80 Алматының аумағындай жерді, жалға беру туралы Жанболат Мамай ойын ашық айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жанболат Мамай «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында Жылқышыбаймен сұхбаттасты.  Болашақта қазақтар Қытай провинциясына айналатынына сенімді екенін жеткізді.  

Депутаттар қазақтың орман шаруашылық жерінің 4 % жалға беруге мүмкіндік бар деп отыр. 4 % дегеніміз - 8 000 000 гектар жер. Алматының аумағы 100 000 гектар, сонда 80 Алматының аумағындай жерді жалға бермек. Қытай компанияларына, азаматтарына жерді 25 жылға жалға беру - жерді сатып, басыбайлы бердік деген сөз. Жерімізден айырылсақ, болашақта Қытайдың провинциясына айналамыз ,– деп Мамай мәлімдеме жасады.

 

 

P.S. Біз Мамайдың сөзіне сене салмай, есептеп көруді жөн санадық. Сонымен, Мамайдың айтуынша, 80 Алматы сыятын жер сатылмақ екен. 

Қазақстанның аумағы – 2 724 902 шаршы шақырым
. 4 % жер (жалға берілетін жер) = 108 996 шаршы шақырым. 

Алматының аумағы – 682 шаршы шақырым. Демек, 4 % жер жалға берілсе, Мамай айтқандай 80 емес 160 Алматы сыятын аумақ беріледі. Ол дегеніміз, Мамай айтқандай 8 000 000га емес, 10 899 600 га жер.