Bugin event

Бастауыш сыныптарға арналған пәндік олимпиада

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Qaztest.kz олимпиада сайты ІІ Республикалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» және «Қазақстан үміті» қашықтық олимпиадасының басталғанын хабарлайды.

Олимпиадаға бастауыш сынып мұғалімдері және 2-4 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиада тапсырмалары қазақ тілі, математика, дүниетану және жаратылыстану пәндері бойынша беріледі.
⠀ 

Олимпиада 2021 жылдың 5 мамыр мен 25 мамыр аралығында өткізіледі. Қорытындысы 27 мамыр күні жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 10 мұғалімге 10 000 теңгелік бір реттік стипендия және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 25 оқушы «Қазақстан үміті» төсбелгісімен және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Озат оқушы» дипломымен марапатталады.

Толық ақпарат мына сілтемеде көрсетілген.