Bugin

COVID-қа қарсы ең үздік вакцина анықталды

Дүниежүзілік вакцина-2021 конгресінде жылдың ең үздік вакцинасы анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүниежүзілік вакцина-2021 конгресінің сарапшылары әлемнің ең үздік вацинасын анықтады. Іс-шара пандемияға байланысты онлайн форматта өтіп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Lenta.ru сайтына сілтеп хабарлайды.

Іс-шарада америқалық Moderna компаниясының шығарған вакцинасы «Ең үздік COVID-қа қарсы вакцина» атағына ие болды. Сарапшылар вакцинаны 18 жастан асқан науқастарға қолдануды ұсынады. Номинациялар тізіміне ресейлік «Sputnik V» және британ-шведтік AstraZeneca компаниясының өнімі енгізілді. Жеңімпаз қандай негізде таңдалды және финалистер туралы хабарланбады.