Экс-министр Біртанов: Сыбайлыс жемқорлыққа қатысым жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта "тергеу органдары оған әлі айып тақпағанын" айтып мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
 

"Кеше бірқатар бұқаралық ақпарат құралы прокурордың маған айып таққаны туралы қате немесе әдейі жазылған ақпарат таратты. Сотқа қатысқан БАҚ өкілдеріне маған әлі айып тағылмағанын, тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлағым келеді. Бүгінгі таңда күдіктің негізділігі мен күдікті ретінде менің құқығымды шектеу туралы мәселе ғана қаралып жатыр. 

Арызды зерделеп, ұрлық пен жымқыру күдіктерінің заңдылығы мен негізділігін растайтын сенімді деректер жоқ екенін айтқым келеді. Себебі ұрлық жасалған жоқ. Мен денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарғанда осы істе де, басқаларында да қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ екенін тағы да жария түрде мәлімдеймін", - деді Біртанов.

Айта кетейік, Біртанов 12 жылғас бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61