Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comГрузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаева белгісіз жағдайда қайтыс болды. Ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Грузияның ІІМ өкілдері растап отыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы "Хабар 24" телеарнасына сілтеп хабарлайды.
Әселдің әпкесінің сөзінше, қыз қайтыс боларының алдында құрбынысына аудиохабарлама жіберіпті. Аудиода белгісіз ер адам оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі.
Әсел Айтбаеваны туысының шақыртуымен сәуірде жұмыс істеуге Грузияға кеткен.
Марқұм осыдан бірнеше күн бұрын байланысқа шықпаған. Әселден соңғы хабарлама 5 мамырда кешкі уақытта келген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61